Палата қызметінің негізгі түрлері мен мақсаты жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету болып табылады.

ПАЛАТА ФУНКЦИЯЛАРЫ

  • Кәсіптік әдеп кодексі мен кәсіптік мінез-құлық қағидаларын белгілейді;
  • палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;
  • уәкілетті органмен келісу бойынша заң көмегін көрсету стандарттарын, заң көмегі сапасының өлшем-шарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді;
  • палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды есепке ала отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;
  • кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;
  • палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
  • заң консультанттары палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
  • мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;
  • заң консультанттары палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • осы Заңның, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарайды;
  • орта білімнен кейінгі, жоғары заң білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
  • практиканы қорытады және заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;
  • заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;
  • "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Жарғыда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
  • Палата өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
  • Қызметті үйлестіру, сондай-ақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында қауымдастықтар құра алады;