«Аманат» Шығыс Қазақстан облысы заң кеңесшілерінің палатасы» (бұдан әрі – Палата) – заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өзінің мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, Палатаның қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палатасының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде 50 заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген ұйым болып танылады.

Палата коммерциялық емес ұйым болып табылады, меншігінде немесе жеке басқаруында оқшауланған мүлкі, дербес балансы, немесе сметасы бар, заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашылған, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуы және жүзеге асыруы мүмкін; мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымның толық атауы, мөрі, мөртаңбасы және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген эмблемасы (нышаны) бар; сотта талап қоюшы және жауапкер, мудделі немесе үшінші тұлға болуы мүмкін.

Палата – заңдылық, оның мүшелерінің тең құқықтығы мен еркін ерік білдіруі, жариялылық, өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру қағидалары негізінде қалыптасады және әрекет етеді.

Палата өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы”, “Коммерциялық емес ұйымдар туралы”, “Өзін-өзі реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Жарғыны басшылыққа алады.

Палатаның толық атауы: мемлекеттік тілде – «АМАНАТ» Шығыс Қазақстан облысының заң кеңесшілерінің палатасы;
орыс тілінде – Палата юридеческих консультантов Восточно-Казахстанской Области «АМАНАТ».

Палатаның орналасқан жері:
071400, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 26 а.